Жұмысшылар жалақысы көтеріле ме?

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов «АМК-Мұнай» мен «Ада Ойл» ЖШС басшыларын шақыртып, арнайы штаб отырысын өткізді. Кездесуде серіктестік басшыларына жұмысшылардың жалақысын көтеру талабы қойылды. ЖШС басшылығы мәселені шешу үшін 1 күн мерзім сұрады. Аталған мәселе бақылауда. Сонымен қатар, компания басшылығы тарапынан жұмысшыларды қудалау, жұмыстан шығару мәселесі орын алып отырған жоқ. Өз тілшімізден.